«Қостанай қыраны-2025»: жеңіс тұғырында — Нұрсұлтан Қабылан

«Қостанай қыраны-2025»: жеңіс тұғырында — Нұрсұлтан Қабылан

Бүгін Қостанайда қазақ күресінен «Қостанай қыраны-2025» облыстық турнирі өтті.
Боз кілем бәсекесі Әуежай шағын ауданындағы «Қостанай» спорт кешенінде ұйымдастырылды. blankДәстүрлі ашылу салтанатынан кейін Семейде өткен айтулы республикалық додада жарқырай көрініп, жүлдегер атанған балуандарымызға марапат ұсынылды. Атап айтқанда, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Елена Киреева жарыстан олжалы оралған Алмас Жұмағали, Архат Баймурзин және Мақсат Төлеуге, сондай-ақ бапкер Сайлау Рыздықовқа ақшалай сертификат табыс етті. blankblankblankblankБұдан соң спорт ардагерлеріне құттықтау сөз беріліп, алдыңғы буынның ақ батасымен жарыс ашық деп жарияланды. blankblankblankТурнирге облыстың әр түкпірінен 15 балуан жиналған. Сайдың тасындай сұрыпталған спортшылардың салмағы 90 мен 130 келі аралығында. Араларында жас спортшылар, жаңа есімдер баршылық. Қарсыластар әдеттегідей жеребемен жұпталды.blankЖастық жігер мен тәжірибе тартысқа түскен, бұла күш пен айла-тәсіл, ептілік пен сәттілік, бап пен бақ сыналған белдесулерде үздіктер іріктеліп шықты. blankblankblankblankЖарыс нәтижесінде арқалықтық жас балуан Нұрсұлтан Қабылан қарсылас шыдатпай, жеңімпаз атанды. blank2-орын Қостанай ауданының арланы Алмас Жұмағалиға бұйырды. Ал жарысты ерекше екпінмен бастап, қарсыластарын қас қақтырмай жеңіп келген Талғат Жиентаев жартылай финалда Алмасқа есе жіберіп алды. Бірақ 3-орын үшін белдесуде Қарабалық ауданының үміті Бағдат Үмітқалиды оңайлықпен жеңді.blankСонымен, биылғы «Қазақстан барысы-2025» республикалық турнирінде Қостанай облысының намысын Нұрсұлтан Қабылан мен Алмас Жұмағали қорғауға аттанады.blankТолығырақ — газеттің алдағы санында.

Жандос Жүсіпбек

Суреттерді түсірген — Айдана МАРАТ