Дін өкілдері үстел теннисінен тартысқа түсті

Дін өкілдері үстел теннисінен тартысқа түсті

Бүгін облыстық Дін істері жөніндегі басқармас және «Социум & Я» ҚБ қолдауымен  өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Жарыс ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — конфессияаралық және қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге ҚМДБ облыстық филиалы, «Қостанай және Рудный епархиясы», Қостанай қаласынан «Жетінші күн адвентистері», «Жатва шіркеуі», «Жаңа өмір», «Кришна санасы қоғамы», Лисаков қаласынан «Жатва шіркеуі», «ХСЦ шіркеуі», «Жаңа завет» діни бірлестіктерінің
діни қызметшілері мен мүшелері қатысты.blank

Жарыс қорытындысында жүлделі орындарды «Жаңа завет» және «Жатва шіркеуі» ДБ өкілдері иеленді. Турнир жүлдегерлері мен барлық қатысушы грамотамен, медальмен және сыйлықтармен марапатталды.blank blankblankСпорттық іс-шара соңында қатысушылар әсерлелерін бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.blank