Құрметті қостанайлықтар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке біздің көпұлтты еліміздің керемет дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің жарқын бейнесіне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістігі мен жемісі ең алдымен ұлт пен ұлыс бірлігінің, қазақстандықтардың мызғымас достығының нәтижесі.
Бірлігі жарасқан елдің ертеңгі күнге деген сенімі нық. Отанымызға деген ортақ жауапкершілігіміз – Қазақстанның табысты дамуына ықпал етері анық.
Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастыруда. Шекарамыздың шегенделіп, мемлекеттік рәміздерінің, ұлттық валютамыздың, мемлекеттік құрылым институттарының және егемендіктің басқа да атрибуттары осының айқын дәлелі.
Тек достық пен келісімнің арқасында біз бар қиындықты еңсеріп, сенімді жеңіске жете бермекпіз!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бірлік, отбасылық бақыт, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Ұлттық дәстүрімізді, бірлік пен келісімімізді сақтай отырып, биік белестерді бағындыра берейік!
Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов