Су тасқынына қарсы шаралар: Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы дайындықты тексерді

Су тасқынына қарсы шаралар: Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы дайындықты тексерді

Көктемгі су тасқыны – барынша дайындық пен барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын талап ететін күрделі сынақ. Жағдайды жергілікті жерде бағалау үшін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданына барып, су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы осал учаскелерді, су өткізу құрылыстарын және қорғаныс бөгеттерін қарап шықты.

blankӘкім Новоселов, Қарамырза және Октябрь ауылдарындағы жағдаймен танысты.

blankҚарамырза ауылында ұзындығы 5 шақырымдық бөгет тексерілді.

blankБұл табиғат апатына қарсы сенімді тосқауыл екені сөзсіз.

blankНовоселов ауылында су бұру арнасының жағдайына ерекше назар аударылды, сондай-ақ «Б. Чураковка – Қарасу» облыстық маңызы бар жол учаскесінде жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары қаралды.

blankТюнтюгур өзенінде гидротехникалық құрылыстарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, өзеннің еруі қалыпты режимде өтеді, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

blankТобыл өзеніне қатысты да тасқын қаупі жоқ, су қоймалары су жинау режиміне көшкен.

blankСу тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар, Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімінің сарбаздары және еріктілер жұмылдырылған.

blankҚазір олар қаптарды дайындау және төсеу жұмыстарын жалғастыруда.

blank

«Су тасқынына қатысты жағдай бақылауда. Барлық шаралар уақытында орындалуы керек, ең бастысы – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Су тасқынының салдарын болдырмау жұмыстары жалғасуда, жауапты қызметтер толық дайындықта.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі