“Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай?” деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан да сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атамның әкесі, яғни менің үлкен атам басынан өткерген екен. Сол бір «соғыс» деген сұмпайы қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға-апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін, кімдер үшін? Әрине, келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін.
Менің үлкен атам Жүке Сағымбай 1926 жылы 25 ақпан айында Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Сарысу ауылында дүниеге келген. Атамның айтуынша, үлкен атам кішкентай кезінен еңбекке араласып, балалық шағын ойынмен емес, еңбекпен өткізген екен. 18 жасында әскерге шақырылады. 1944 жылы наурыз айында әскерге алынып, жаяу әскер бөлімінде соғыс біткенше болған. От пен оқтың арасында жүріп, Берлинге дейін барған. Әскери борышын 1950 жылға дейін атқарған. Соғыс кезінде қираған қалаларды қалпына келтіруге үлес қосып, жан аямай қызмет қылған. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін де еңбекке араласқан. Шопан болып, 1987 жылға дейін мал баққан. 1986 жылы зейнекерлікке шығыпты.
Үлкен атам отбасында 9 бала, 4 ұл, 5 қыз тәрбиелеген. Қазір осы балаларынан 33 немере , 65 шөбере тарап отыр. Мен сол 65 шөберенің бірі – мен, Арман Айдосұлы. Менің әкем Айдос Жукин оның немересі болады. Оның әкесі Жүке Шөптібай үлкен ұлы болады. 1993 жылы 10 қаңтарда дүниеден озған. Мен атамның бейітіне әкеммен бірге еріп, топырақ салып, жиі барып тұрамын. Мен атаммен мақтанамын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бейбітшілік заман болсын!
Арман Айдосұлы Шөптібай,
ардагердің шөбересі,
3-сынып оқушысы