Бұл заңға «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары бастамашылық етті. Енді көппәтерлі үйлер мен ғимараттарда поштоматтар орналастыру реттеледі.
Ал абоненттік жәшіктерге қатысты талаптар өзгеріссіз қалады. Пошта жөнелтілімдерін QR-код немесе ПИН-код арқылы адресаттың келісімімен үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі қарастырылған. «Қазпошта» компаниясына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау құқығы берілді.