Астана қаласында Қостанай NIS оқушылары қаржы қауіпсіздігі жөніндегі республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінде Сабина Ермұханова I дәрежелі дипломмен, Айдана ҚияҚбаева II дәрежелі дипломмен және Жансерік Қалиола III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Іріктеу кезеңі «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» екі бөлімнен тұратын «Жаһандық құзіреттер» оқу курсы бойынша онлайн форматта (тестілеу) өткізілді. Қорытынды тур офлайн режимінде эссе дайындау және ситуациялық жағдайды шешуді қамтыды.
Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ҚР Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдастырды.
– Олимпиада маған жаңа көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Оңай болды деп айта алмаймын, дайындық пен мұғалімнің көмегі жеңуге көмектесті. Қаржылық қауіпсіздік негіздерін түсіну менің өмірімді жеңілдететініне және болашақта көмектесетініне сенімдімін, – дейді 10-сынып оқушысы Сабина Ермұханова.