Облыстың жобалық мектептерінде «КодАктив» бағдарламасы іске қосылды

Облыстың жобалық мектептерінде «КодАктив» бағдарламасы іске қосылды

Бұл бағдарламаны  жобалық кеңсенің жұмысы аясында Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы жөніндегі аймақтық оқу-әдістемелік орталығы жүзеге асырып отыр. 

Нәтижесінде Қостанай облысының он жобалық мектебінде  антибуллингтік  ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.

“Бұл іс-шараға 1-11 сыныптардың 6 260 оқушысы қатыстырылды. Балалар мен жасөспірімдерге педагогтар «Stop буллинг» постерлерінің QR-кодтарымен бірге мектептерде не үшін орналастырылғанын, оларды қалай пайдалану керектігін және қандай жағдайларда қолдануға болатынын түсіндірді. Барлық оқушылардың «КодАктив» арқылы жасалған өтініштері анонимді болатыны ерекше атап өтілді. Балалар өз мәселелерін жария етуден қорықпай, бағдарламаға сенім арта алады”, – дейді ұйымдастырушылар.

Жаңалықтармен бөлісу