Федерациясының құрметті президенті тағайындалды

Федерациясының құрметті президенті тағайындалды

«Тобыл-Торғай тарландары» облыстық күрес федерациясының құрметті президенті болған Абылайхан Тайгелдин Аманкелді ауданының Амантоғай селосында туып өскен.

Бүгінде үлкен кәсіпкер. Құрылыс саласына белгілі BAK BUILDING ЖШС директоры.

«Бала кезімізден күреспен айналыстық. Ол уақытта спорттың белесіне жету арманымыз болды. Кейін Астанада оқыдық. Еуразия ұлттық университетін аяқтап, Ақтөбе жақта жұмыс істедім», – дейді ол.

Қазіргі таңда ол басқаратын компания нысандарға жер құбырын өткізумен айналысады.

«Мешіттің он жылдық мерекесінің аясында федерацияда жақсы жаңалық болып жатыр. Кезінде бұл кісі өзі де күреспен айналысты. Сол себепті Қазақ күресі оған етене таныс. Өзі «Тобыл-Торғай тарландарының» брендіне айналған жер белгілері табылған Аманкелді ауданының тумасы», – деп таныстырды облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.

Елімізде 128 геоглиф бар болса, оның 110-ы Қостанай облысында. «Тобыл-торғай тарландарының» бренді ретінде Аманкелді ауданындағы осы Торғай свастиикасы бекітілген болатын. Үш мың жылдық тарихы бар ғажайып таңба табылған өлкенің тумасы облыстық қазақ күресі федерациясының құрметті президентіне айналып отыр.Атқарушы комитеттің шешімі бойынша Мылтықтай Абдуаитов федерацияның вице-президенті болып тағайындалды.

Жаңалықтармен бөлісу