Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып, бір күнде 15 жаңа медициналық нысанның ашылуы өңір үшін тарихи оқиғаға айналды. Бұл жаңа нысандар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсартып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы маңызды қадам екендігі даусыз.
Жаңадан ашылған медициналық мекемелердің қатарында Қостанай ауданының Алтын дала ауылында және Алтынсарин, Александров, Айсары, Майкөл, Надеждин, Садовый ауылдарындағы 7 фельдшерлік-акушерлік пункт, сондай-ақ Мәскеу ауылында дәрігерлік амбулатория бар. Бұдан былай ауыл тұрғындарына жақын жерде алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігі туып, олардың қалаға баруға жұмсалатын уақыты мен қаржысы үнемделмек.
Алтын дала ауылындағы жаңа медициналық мекеме заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда тұрғындарға алғашқы медициналық көмек, амбулаторлық тексерулер, алдын алу шаралары, жүкті әйелдерді бақылау және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. Алтын дапла ауылындағы жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне өатысқан жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар осы медициналық мекеменің маңыздылығын атап өтті. Олар мұндай игі бастамалардың халық денсаулығын жақсартуға, аурулардың алдын алуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға айтарлықтай әсер ететінін ерекше айтты.
– Денсаулық сақтау саласына қамқорлық – басты назарда. Бұл бастама еліміздің ауыл аймақтарын дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды нығайту – халыққа қолжетімді әрі сапалы көмек көрсету үшін маңызды фактор.Жаңа нысандардың ашылуы Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келді. Бұл оқиға елдің дамуының жарқын үлгісі ретінде халық үшін айтарлықтай қуаныш сыйлайтыны сөзсіз,– дейді «С.Б. Есментаев» шаруа қожалығының қызметкері Мирас Есментаев.
Жаңа федльшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолындағы үлкен жетістік. Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң ықпал етеді.
Диана Алмасқызы
ҚӨУ студенті 3 курс
Қостанай ауданы