Қостанайда ғимараттардың бірінің шынысын сындырған ер адам сотталды.
Оқиға полиция жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
“Достарымен бірге кафеде уақыт өткізген ер адам ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, әйнектен өз кескінін көріп, оны әдейі сындырған. Осыдан кейін ол аулалар арқылы қашып, ізін суытпақ болған. Ғимарат күзетшісінің хабарлауымен, полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап алып, оны сотқа дейін уақытша ұстау камерасына орналастырған” – делінеді облыстық ПД хабарламасында.
Сот оған мемлекеттік мүлікті бүлдіргені үшін 185 мың теңге айыппұл тағайындады. Сондай-ақ ол ұйымға 80 мың теңге төлеу арқылы залалдың орнын толтырды.