7 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласында орналасқан №6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қырағылық танытты.
Лейтенант Райан Әбдікәрімов бастаған патрульдік топ өзінің серіктесі, қатардағы жауынгер Жанбот Нұржанмен бірге қала көшелерінде тыныштықты қамтамасыз ету қызметіне шықты.
“Жан-жақты барлау барысында қарда жатқан ұялы телефонды көріп қалдық. Бұл туралы бірден кезекшіге баяндап, смартфон иесін іздей бастадық. Біраз уақыттан кейін ұялы телефон иесі басқа нөмірден қоңырау шалды, – дейді лейтенант Рауан Әбдікәрімов.
20 минуттан кейін телефон иесі ұландықтармен жүздесіп, қызметтеріне адал сарбаздарға алғыс білдірді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі