Ер адам әлеуметтік желілерде қыз болып тіркеліп, жалған парақша ашып, жергілікті тұрғыннан емге қажет деп 3 миллион теңге жымқырды. 3 сәуірде Қостанай облыстық ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы тұрғыны, интернет-алаяқты ұстады.
– Күдікті әлеуметтік желілерде алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы жалған парақша ашып, қыздың атынан емдеу сылтауымен шамамен 3 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденді. Танысу барысында жәбірленуші жалған қызға шамамен 5 ай көлемінде ақша аударып отырған. Полицейлер заттай дәлелдемелерді банк карталарын, SIM карталарын және ұялы телефонды тәркіледі, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Олжас Мағыпаров.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.