Қазақстандық оқушылар Грекияда ел намысын қорғайды

Қазақстандық оқушылар Грекияда ел намысын қорғайды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен FIRST GLOBAL Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадаға ұлттық іріктеу өтті. Байқауды «Tech Cup X» оныншы мерейтойлық чемпионаты аясында Алматы қаласының білім басқармасы мен Ustem Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырғанын айта кетейік.

“Байқауда 190-нан астам елдің жас инженерлері өзара бақ сынасты. Кей өңірлерде іріктеу онлайн режимде өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстаннан 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстан мен БАӘ-ден командалар қатысты”, – дейді ұйымдастырушылар.

Дүниежүзілік кезеңге қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нуржан Кокеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Тургенбаев бар.

Чемпионатқа робототехника, зымыран, дрон және жасанды интеллект бағыттары бойынша 1500-ден астам қатысушылар мен қонақтар жиналды.

Бұл сала бойынша Қазақстан екі дүркін әлем чемпионы танғанын білеміз. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жеткен еді.

First Global Challenge Дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жаңалықтармен бөлісу