Оған облыс көлемінен бес әулеттің келіндері қатысып, бақ сынады.
Ашық аспан астында, қаланың қақ ортасында өткен байқауды тамашалаған көрермен аз болмады.
Байқау абысын-ажын татулығын паш етіп, дәріптеп, насихаттау түсуді мақсат еткен. Ағайынның бірлігіне бастау абысын-ажын татулығы деген қандай болуы керектігін сахна төріне шыққан Тобыл-Торғай өңірінің абысын-ажындары көрсете білді.
Байқауға Меңдіқара ауданынан Айсағалиевтер әулетінің, Сарыкөл ауданынан Жанұзақовтар әулетінің, Жангелдин ауданынан Ибраевтар әулетінің, Қостанай қаласынан Омархановтар әулетінің және Науырзым ауданынан Сағынаевтар әулетінің келіндері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасы орынбасары Баян Ахатай
«Келер жолы бұдан да көп келіндерді көргіміз келеді» деді.
Сонымен келіндер бес кезең бойынша бақ сынап, салт-дәстүрімізді танытты.
Қазылар алқасының шешімімен
Үшінші орынды Айсағалиевтер әулетінің келіндері, екінші орынды Омархановтар әулетінің келіндері иеленсе, бірінші орынды қасиеттіТорғай жерінің Ибраевтар әулетінің келіндері жеңіп алды.
Олар республикалық байқауға жолдама алды.
Толығырақ газеттің келесі нөмірінен оқи аласыздар.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков