Ресей азаматы шекарада тапаншамен ұсталды

Ресей азаматы шекарада тапаншамен ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы департаментіне қарасты “Қайрақ” бақылау-өткізу пунктінде шекарадан ату қаруын алып шығуға тырысқан Ресей азаматы ұсталды.

Қостанай (ҚР) – Челябі (РФ)  бағыты бойынша жолға шыққан жолаушының «Тойота Альфард» маркалы көлігін тексеру кезінде шекарашылар «РНХТ» үлгісіндегі 10 ТК калибрлі тапанша және оның 10 дана оқ-дәрісін тәркіледі.

“Көрші ел азаматының ату қаруын шекарадан алып өтуге  рұқсат беруге арналған құжаты жоқ болып шықты. Аталған факті бойынша құзырлы органдарға хабарланды”, – деді департамент қызметкерлері.

Жаңалықтармен бөлісу