Қостанай футбол мектебінің тәрбиеленушісі туған клубымен келісім-шартқа отырды деп хабарлайды “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметінен.
Александр Зуев 1996 жылы 26 маусымда Қостанайда дүниеге келді. Футболды «Тобыл» үйірмесінде бастады, алғашқы бапкері – Рафик Балбабян.
2005 жылы Зуевтер отбасы Қазақстаннан Ресейге көшіп, Александр футбол жолын жалғастырды.
Ол жылдары «Спартак», «Ростов», «Рубин», «Химки», «Крылья Советов», сондай-ақ сербиялық ИМТ сияқты танымал клубтарда ойнады. Қостанайға дейін Александр Туланың «Арсеналында» доп тепті.
Зуев 2013 жылы Еуропа чемпионатын (U-17) ұтқан, Ресейдің жасөспірімдер құрамасына, сондай-ақ жастар құрамасына үнемі шақырылып отырды. Өткен жылдан бастап ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайды, тіпті гол соғып үлгерді.
Александр Зуев – жартылай қорғаныста да, вингер позициясында да ойнауға қабілетті жан-жақты футболшы. Үнемі қозғалыста жүреді, талапшыл, доппен белсенді, бүкіл сол қапталды жаба алады.