Бурабай ауданында журналистикада оқитын студенттерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебі ашылды. Жоба жас журналистердің медиа индустриядағы жаңа үрдістер мен инновациялар туралы білімін арттырып, кәсіби машықтарын жетілдіруге бағытталған.
Media Bootcamp-тің оқу бағдарламасы «Журналист этикасы және оның стандарттары», «Қазіргі документалистика: сторителлиңнің тиімді әдіс-тәсілдері», «Журналистикада жасанды интеллектіні (АІ) қолдану» секілді өзекті тақырыптарды қамтиды. Қатысушыларға кәсіби журналистер, медиа саласының мамандары дәріс оқып, уоркшоп өткізеді.
Жазғы мектепке қатысу үшін еліміздегі 19 ЖОО-да оқитын студенттер мен магистранттардан 74 өтініш келді. Олардың арасынан 50 қатысушы іріктеліп алынды.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы ұйымдастырды. Оқыту бүгін басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі