Қостанай облысында кезекті полиция сыныбы ашылды

Қостанай облысында кезекті полиция сыныбы ашылды

Оған қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкері Дархан Базарбаевтың есімі берілді.

Ашылу рәсімі бүгін Тобыл қаласының № 1 мектебінде өтті. Іс-шараға марқұмның туыстары, мектеп әкімшілігі мен ұстаздары, оқушылар, Полиция департаментінің басшылығы және Қостанай ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы шақырылды.

Қаза тапқан сержанттың әкесі Серік Қалиев сөз сөйлеп, өз алғысын білдірді. Ол ұлының есімі бүгінге дейін ел есінде болғанына шын жүректен қуанады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай аудандық Полиция бөлімінің патрульдік полицейі ДАРХАН БАЗАРБАЕВ 2020 жылдың қаңтарында қайғылы түрде қаза тапты.

Ол серіктесімен бірге Тобыл қаласында орын алған отбасылық жанжал болып жатқан жерге шақыртуға келген. Пышақпен қаруланған дебошир әпкесінің отбасын өлтіремін деп қорқытты. Осы кезде үйде кішкентай бала болған.

Ер адамды ұстаған кезде полиция қызметкері жүрек аймағына ауыр жарақат алды. Қайтыс болған сержанттың жұбайы мен баласы қалды.

Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапабек Құлбеков өз сөзінде Дарханның қосымша күштің келуін күтуге мүмкіндігі болғанын, бірақ ол дереу әрекет еткенін, себебі үйде әйел мен баланы өлтіремін деп қорқытқан қылмыскер болғанын атап өтті.

Ол бұл “өмір үші қадамды” батыл түрде жасады. Бұл жанқиярлық әрекет жас қызметкерлерге үлгі болады.

Мектеп оқушылары Дарханның жеке заттарын, туыстары ұсынған грамоталар мен медальдарды қызығушылықпен қарады.

Стендтері мен полицейдің портреті бар жарқын, жайлы кабинетте тарих сабақтары өтеді.

Айта кету керек, бұл облыста қаза тапқан полиция қызметкерлерінің құрметіне ашылған үшінші кабинет. Бұған дейін Меңдіқара ауданында Нұрлыбек Омаровтың құрметіне, Әулиекөл ауданында Медет Досымхановты еске алуға арналған кабинеттер ашылған болатын.

Жаңалықтармен бөлісу