Велошерушілер 50 шақырымды еңсерді

Велошерушілер 50 шақырымды еңсерді

Астана күніне орай Қостанай-Садчиков-Қостанай тас жолында өткен вело жарысқа қатысушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан 50 шақырымдық жолды оңай жүріп өтті.

“Золотой фазан” қонақ үйінің аумағында басталған жарысқа Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара қалаларының және басқа аймақтардан келген әуесқой спортшылар қатысты.

Саламатты өмір салтына негізделіп ұйымдастырылған іс-шараның маңызы жоғары.

“Вело жарысқа кәсіпқой емес, ерік білдірушілер арасында өтті. Барлығы дән риза. Тіпті қатысушыларға ауа райының қолайсыздығы да әсер еткен жоқ. Қырыққа жуық велошабандоз бақ сынады. Жарыс қорытындысы жас айырмашылығына байланысты есептелді”, – дейді облыстық велоқауымдастық төрағасы Қанат Сағынбаев.

32 жастағы Ерлан Әбілов вело жарысқа алғаш рет қатысқан. Дегенмен де ерекше әсер алған көрінеді.

“Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бәрі де әдемі деңгейде өтті. Маған ұнады. Осы сайысқа қатысу үшін Қарабалық ауданынан келдім. 18-35 жас деңгейінде қатыстым. Биыл біздегі өтетін аудандық спартикиадаға вело жарыс енгізілген. Соған да жақсы дайындық болды деуге болады. Жеңімпаздар қатарынан көрінбесем де, «FINISHER» деген медаль алдым”, – дейді Ерлан Әбілов.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Жаңалықтармен бөлісу