Автотұрақ ережесінің бұзылуы туралы хабар Костанай полицейлерін күтпеген оқиғаға тап қылды. Тәртіп бұзған ВАЗ 21907 көлігінің иәсі күмәнді заттарға толы нағыз мобильді қойма жасап алған. Бір қызығы, ол өнертапқыш 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.
«Оның оғаш қылықтар көрсетіп, мазасыздануы патрульдік полицейлердің күдігін тудырды. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның каннабиноидтардың әсерінде болғаны анықталды. Көлікті тексеру барысында полицейлер ақ ұнтақ салынған зип-пакеттер, түрлі-түсті орамдар, электронды таразы, қолғаптар тапты. Кейбір орамалар оқшаулау лентасымен тығыз оралған. Кейін жүргізуші жасырын қоймалардың орналасқан жерін көрсетті. Қала мен Аманқарағай ауылы маңындағы орман алқаптарында жедел уәкілдер тағы бірнеше ұнтақ салынған орамаларды тапты. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың мефедрон екені анықталды — барлығы 210 грамм, бұл шамамен 400 бір реттік доза. Осылайша қауіпті есірткі қала көшелеріне жетпей қалды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта полиция оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
