Онда кезіндегі еркін күрес жаттықтырушылары мен спортшыларын еске алуға арналған еркін күрестен 2009 – 2011, 2012 – 2014, 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир» алтыншы рет жалауын көтерді.
Турнирдің салтанатты ашылуында еліміздің Әнұраны ойнатылып, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары, сонымен қатар Қырғызыстан, Өзбекстан, Тәжікстан республикаларының командалары сап түзеді.
Спортшыларды Арқалық қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков құттықтап, жарыстың өтуіне сәттілік тіледі.
Спорт ардагерлері Қоянбай Саржанов, Ербатыр Рахатов, «Ұлттық дәрежедегі төреші» Айдарбек Әкімбеков, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абай Сарыбаев, ҚР «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» Рашит Мұханбетжановтарға сый-құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.
«Біз бұл жарысты биыл алтыншы рет ұйымдастырып отырмыз. Жарыстың бас демеушісі, белгілі меценат, жерлесіміз Қайрат Боранбаев. Жарысқа 12 команда, 180 спортшы қатысып жатыр. Спортшыларымыз екі күн бойы үш жас ерекшеліктері бойынша 17 салмақ дәрежесінде сынға түседі», –дейді жарыстың бас төрешісі, Қостанайдағы «КСРО спорт шебері Марат Омарханов атындағы спорт клубының» басшысы Абзал Валиев.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор