Бүгін «Қостанай таңы» газетінің құрылғанына 102 жыл толды!

Бүгін «Қостанай таңы» газетінің құрылғанына 102 жыл толды!

Бүгін өңір баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық «Қостанай таңы» газетінің туған күні! Қазақтың алып тұлғалары, көрнекті қайраткерлер – Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлин «Ауыл» атауымен ашқан басылымның жарық көргеніне 102 жыл толып отыр.

Ұлт руханиятының шырақшысы, халық мүддесінің жоқшысы, қазақтың маңдайалды үнпарағы бола білген «Қостанай таңы» бастапқы мақсат-мүддесінен еш уақытта тайқып көрген емес. Жасаған сайын жасара түскен, ғасырдан астам тарихы бар атабасылым жаңа жүзжылдыққа жарқын бастамалармен қадам басып, жанданып, жетіліп-дами түсті. Бүгінде қанатын кеңге жайған газетіміз Тобыл-Торғай өңіріне тек мемлекеттік тілде хабар тарататын бірегей басылым екені баршаңызға мәлім. Қазіргі таңда облыстың 20 аудан-қаласындағы оқырманды қазақ тілінде ақпаратпен қамтамасыз етіп отыр. «Қостанай таңының» жанашырлары, оқушылары күн санап артқанның үстіне артып бара жатқаны қуантады.

Құрметті оқырман, қарт басылыммен бірге болып, төрлеріңізге шығарып отырғандарыңызға мың мәрте алғыс айтамыз!

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу