Қостанай облысында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды

Қостанай облысында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды

Бүгін 269,625 мың га аумақта зерттеу жұмыстары жүргізілді. 6 ауданда химиялық өңдеу шаралары қолға алынып жатыр.

Оған қазіргі уақытта зиянкестермен күресу үшін аэрозольді газ генераторлары орнатылған 51 техника, жеңіл авиация (ұшақ), ультра жеңіл авиация (дельтаплан), жерүсті желдеткіш бүріккіштер, штангалық бүріккіштер жұмылдырылған.

Арнайы техника Аманкелді, Жанкелдин, Қамысты, Науырзым, Әулиекөл аудандары мен Арқалық қаласына жіберілді.

«Шаруа» ЖШС (Қостанай қ.) қоймасына барлық жоспарланған аумаққа қажетті пестицидтердің толық қоры жеткізілді.

 

Суреттер мен материалды ұсынған – 

“ҚР АШМ АӨК МКК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы” ММ

 

Жаңалықтармен бөлісу