Мұны “Автобус” республикалық жедел алдын-алу шарасы шеңберінде полицейлер анықтап жатыр. Рейдтің алғашқы күнінде автобус пен такси жүргізушілері жасаған 35 жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.
12 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзса, 10 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланған, ал бесеуі техникалық тексеруден өтпеген, сондай-ақ, үшеуі қайта жабдықталған көлікті басқарған.
Елді мекенде автобус жүргізушілері үшін жылдамдық сағатына 40 шақырымнан аспауы керек деген жол қозғалысы ережелері заңды күшіне енген өзгерістерге қарамастан, полицейлер мұндай бұзушыларды анықтап жатыр.
Мәселен, Қамысты ауданының Ливанов кентінде сағатына 75 шақырым жылдамдықпен жүрген 58 жастағы жүргізушінің басқаруымен ГАЗ маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Сонымен қатар, Жітіқара-Чайковский автожолында екі жолаушы салып алған 49 жастағы такси жүргізушісінің мас күйінде көлік басқару фактісі анықталды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін он бес тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері жедел профилактикалық шарасының бірінші күнінде арнайы тұраққа 4 көлік құралы жіберді.
Ведомствода бұл шара жолаушылар мен жүк салуға болатын көлікпен тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде автобустардың қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам зардап шекті. Осы кезеңде полицейлер автобус жүргізушілерінің 200-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады.
Жедел алдын-алу шарасын өткізу кезеңінде полицейлер жоғарыда аталған санаттағы жүргізушілердің бұзушылықтарын анықтауға ерекше назар аударатын болады.