Болашақ журналистерге кеңес берді

Болашақ журналистерге кеңес берді

Қазақстан журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Александра Серғазинова Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен кездесті. Онда болашақ мамандарға материал дайындауда алдан шығатын мәселелелер сөз болды. Соның ең өзектісі экономикалық талдау процесін жетік білу келешек журналистер үшін тиімді.

«Мемлекеттік сатып алудың мониторингі мемлекеттік сатып алуды  жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.  Бұл материалда маңызды рөл атқарады. Оқырман азаматтарға салық қаражатының жұмсалуын бақылауға, сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға және саяси өмірге белсенді қатысуды ынталандыруға көмектеседі», – деп атап өтті Александра Серғазинава.

Мемлекеттік сатып алулар – бұл мемлекеттік органдардың өз функцияларын жүзеге асыру және мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарларды, қызметтерді немесе жұмыстарды сатып алу процесі. Олардың экономика мен қоғам үшін маңызы жоғары. Экономиканы ынталандыру үшін  Мемлекеттік сатып алулар бизнесті дамытуға және экономикалық өсуге ықпал ететін тауарлар мен қызметтерге сұранысты жасауға мүдделі. Денсаулық сақтау, білім беру және көлік инфрақұрылымы сияқты үкімет азаматтардың негізгі қажеттіліктерін қамтиды. Мемлекеттік сатып алулар жергілікті бизнес пен инновациялық жобаларды қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Осылайша, уәкілетті орган мемлекеттік сатып алудың мониторингін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және онда қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

Аружан ҚАНАТБЕК

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу