Тобыл жағасына жақын орналасқан аумақтарды су жайлай бастады.
Мәселен, жағалаудағы Мәдениет және демалыс саябағын біртіндеп су басып барады. Оқырманымыз жолдаған видеодан қауіптің білімсіз етек алып келе жатқанын көруге болады.
Жалпы, кеншілер қаласындағы Фролов, Панфилов көшелерін және Перцев ауылындағы шеткері көшелерге су жайылған. Бұған Қаратомар су қоймасындағы ағын жіберу ауқымының секундына 4 мың текше метрге дейін жіберілуі себеп болды. Қалалық штаб отырысында бұл туралы мәлімет берілген еді.
“Бос сыйымдылық көлемі — 99 млн текше метр. Бұл 7 сағатта толуы мүмкін. Түнде секундына ағызылатын су ауқымы 2000-нан 4000 текше метрге дейін жетуі мүмкін”, — деген еді қала әкімі Виктор Ионенко.
Қазір қала көлемінде 21 адам эвакуацияланған. Олар — №1,2,3,5,7 саяжай қоғамдарының тұрғындары. Күшейтілген режимдегі жұмыс жалғасып жатыр. Жедел штабтың алғашқы отырысы бүгін 8:00-де басталып кетті. Онда іkomek тұрғындардан 109 нөмірі бойынша тәулік бойы қоңырау қабылдайтыны айтылды.