Наурыз тойы келгенде…

Наурыз тойы келгенде…

Самарқанның көк тасын жібітіп, Жер-Ананың төсіндегі тіршілік иелеріне қайтадан жан бітіретін бұл күн біз үшін бәрінен айырықша. Түркі тілдес халықтарының Жаңа жылын елімізде  наурыздың 22-де атап өту дәстүрге айналған.

Бірақ, биыл мемлекет басшысының Жарлығымен  наурыз тойы  14-нен бастау алды. Мұны әлдебір тосын немесе өзгеше құбылыс деп қарауға болмайды. 14-ші наурызды  “Көрісу күні – Амал мерекесі”, 15-ші наурыз “Қайырымдылық күні”, 16-шы наурыз  “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні”, 17-ші наурыз  “Шаңырақ күні”, 18-ші наурыз “Ұлттық киім күні”, 19-шы наурыз  “Жаңару күні”, 20-шы наурыз “Ұлттық спорт күні”, 21-ші наурыз “Ынтымақ күні”, 22-ші наурыз – Жыл басы, 23-ші наурыз “Тазару күні”  деп аталды. Көрісу күні жасы кішілер үлкен қарияларға барып, баталарын алды. Ал үлкендер жағы кейінгілердің арнайы келіп көрісуін күтіп отырғандай.

Сайып келгенде, көрісу сәттерінің жас ұрпақты адамгершілік-имандылық қасиеттерге баулитын тәрбиелік жағы басым екендігі айдан анық. Қазақтың ұлттық мейрамдарының ішінде Наурыз мерекесінің мән- мағынасы айырықша бағалы.Ұлттық мейрамның үлкен- кішіге берер тағылымы мол. Күн мен түн теңескенде хан деп, қара деп, бөлінушілікке жол берілмейді. Наурыздың сәні- Наурыз көже, қазақтың салт- дәстүрін, ырымдарын, әдет- ғұрыптарын паш ету, дәріптеу. Сондай – ақ, адамдар да бір – бірімен құшақ түйістіріп, артық кеткен жерлері болса, кешірім сұрап, жан және тән тазалығына мейлінше мән береді. Сөзім дәлелді болу үшін, осы жылдың 20-ші наурыз күні   Қостанай құрылыс колледжінің ұжымы мен студенттері бірлесе отырып мерекелік іс- шара ұйымдастырылып,  ол жоғарғы деңгейде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – болашақ құрылысшы мамандықтарына Қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, білім алушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруын және қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары паш ету.Іс-шара сайыс түрінде өткізілді. Құрылыс бөлімі, сәулет бөлімі, жұмысшы мамандықтарының бөлімі арасында атап өтілді. Әрбір бөлім шағын киіз үйді безендірумен және салт дәстүрге байланысты ұлттық ойындар, ұлттық тағам, ұлттық киім үлгісін көрсете отырып  студенттер өз өнерлерін көрсетті.

“Ел дәстүрін сыйлаймыз”, дей келе  ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, ортақ мақсат-мүдделерімізді жетелейтін, ерлікті, ауызбіршілікті, қазақ халқының салт- дәстүрін, әдет- ғұрыпын, ырым-тыйымдарын дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, дәстүрімізді дәріптейтін келешек ұрпақтың болашағы жарқын болуға ат салысайық. Сонда ғана, бес саусақтың салаларындай, бір әулеттің балаларындай ауызбірлікте салтты сақтап, дәстүрді дәріптеп қазақ халқының болашағы жарқын етеміз.

Б. Конарбаева, Н. Конарбаев,

Қостанай құрылыс колледжі

оқытушылары.

 

Жаңалықтармен бөлісу