Оған дайындық деңгейіне қарамастан, алты жасқа осы жылы толатын балалар қабылданады.
«Құжаттарды электрондық үкімет egov.kz порталы арқылы беруге болады. Бұл ретте ата-анаға немесе заңды өкілге «жеке кабинетке» ЭЦҚ — мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі», – деді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова өңірлік коммукация алаңында
Сондай-ақ «SAKURA: электрондық мектеп»электрондық порталы арқылы өтініш беруге болады. Егер бұрын қабылдау мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылса, енді құжаттарды қабылдау 31 тамыз аралығында өтеді. Инновациялық мектептердің бірінші сыныбына балаларды қабылдау биылдан бастап өзгертілді-бірінші сыныпқа түсу үшін емтихандар, оның ішінде әңгімелесу және тестілеу түрінде толығымен алынып тасталады.
Бекзат Өмірбек,
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
журналистика мамандығының студенті