«Азурит» ЖШС ӨТФ компаниясы фабрикасынының ашылуы өңірдегі жеңіл өнеркәсіп өндірісі мен экспорт көлемінің көрсеткіштерін арттырып қана қоймай, салық салынатын базаны ұлғайтуға және қосымша 100 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ отандық өндірісті ұйымдастыру арқылы импортты алмастыруға септігі мол болмақ.
Фабрикада қазірдің өзінде жүзден астам білікті тігінші жұмыс істейді. Негізі бұл кәсіп орын бұрын ашылған. Биыл шағын цех кеңейіп фабрикаға айналып отырған жайы бар.
Жетекшісі Светлана Шипилкина Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік университетінің түлегі. Фабриканың ашылуымен оқу-орын ұжымы да келді.
“Кәсібімізді осыдан алты жыл бұрын қолға алдық. Ол үшін арнайы жерін белгілеп, Қазақстан халық банкінен несие алдық. 350 млн теңге қаражатты рәсімдеп, осы нысанды салып шықтық. Бүгінде жұмыс күші жеткіліксіз болып тұр. Әлі де жүз адам алу ойымызда бар. Қаңтар айынан бері он шақты шебер ғана келіп қызметке орналасты. Студент қыздарды да жұмысқа тартып жатырмыз. Тәжірибеден өтіп жатқан қыздар оқуларын бітіргесін қатарға оралуға уәде беріп отыр”, – дейді Светлана Шипилкина.
Кәсіпорын жұмыс киімдерін, денсаулық сақтау мекемелері мен қызмет көрсету саласы үшін заманауи арнайы киімдер мен мектептерді түрлі форма үлгілерімен қамтамасыз етеді.
“Бұл нысан екі мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Болашақта өндіріс көлемін кеңейтуге тиімді. Жаңадан замануаи технологиямен жабдықтап жартырсыздар. Мұның бәрі бәсекелестікке қабілеттілікті артырады. Ең бастысы жеңіл өнеркәсіп қазіргі сұранысқа ие механизм. Негізгі мақсат жұмыс күшін аттыру, соған сай жаңа орындар ашу. Сіздердің серіктестеріңіздің қоғамда әлеуеті зор ұйымдар. Соған қарағанда, қала тұрғындарының бұл жерден шығатын өнімдерге қызығушылығы арта түсетініне сенімдіміз”, – деді қала әкім Марат Жүндібаев.
Кәсіпорын еліміздің жеңіл өнеркәсібінің қолдауымен салынды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кредиттік қаражатымен субсидияланды. Жобаның құны 350 млн теңгені құрады.
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бүгінгі таңда басым бағыттардың бірі. Себебі саланың халықты жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы болып саналады.
Өндірісті кеңейту аясында 2024 жылы ассортименттің жаңа түрі: ортопедиялық жастықтар өндірісі де игерілді.
Болашақта 2024 жылы өндірілген автомобильдердегі оқшаулау үлесін арттыру мақсатында JAC S3 және Chevrolet Оnix модельдерінің автомобильдеріне арналған орындықтар өндірісі жоспарланған.
Бұл жобаны іске асыру жеңіл автомобильдерге арналған орындықтар шығаратын заманауи өнеркәсіптік кәсіпорын құруға жол ашады. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев