Әулиекөлдіктерді аудан орталығында және Аманқарағайға көлік қатынасының жоқтығы жиырма жыл мазалап келген. Әсіресе, қыстың қақаған күндерінде адамдар баратын жерлеріне уақытында жете алмай қиналатын. Жергілікті жеке тасымалдаушылар бұл істі биылдан бастап қолға алды.
Тасымалдаушылармен кезекті кездесуден кейін облыс басшылығының қолдауымен, мәселені шешуге көмектесуге уәде берген-ді.
“Аудан орталығы Үлкен, ол дамып, кеңейіп, халық саны артып келеді. Халықтың көп бөлігі таксимен немесе жаяу жүруге мәжбүр. Маршруттық тасымалдау кесте бойынша болуды қажет етті. Көп ұзамай конкурсқа Қостанайдан TTS ЖШС шықты. Осы жылдың 8 қаңтарынан бастап маршруттарға екі автобус шықты – біреуі Әулиекөл бойымен, екіншісі адамдарды аудан орталығынан Аманқарағайға және кері алып барады. Тұрғындар риза, автобустар ыңғайлы, әрқайсысы 17 орындық. Ең бастысы – жол жүру құны 100 теңге. Ол автобустар бұрын еш жерде пайдаланылмаған. Қазір олар 40 минутта бір рет жүреді. Аралықты қысқарту үшін маршрутқа екі автобусты ұлғайту жоспарланып отыр”, – дейді аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Егор Чернов.
Аудан басшылары әзірге сынақ режимінде жолаушылар ағыны тексеріліп жатқанын айтып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттарды мәслихат арқылы әлеуметтік маңызды деп танылу керек. Субсидиялауға құжаттардыуақытында тапсырмаса, жолаушылар ағыны әрдайым тасымалдаушының шығындарын жаба бермейтін көрінеді.
Дей тұрғанмен, ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
“Аманқарағай селосында тұрамыз. Жиырма жылдан бері аудан орталығына жұмысқа қатынаймын. Сол тұрғындардың атынан аудан, облыс басшылығына алғысымды айтқым келеді. Бөлінген автобустар жайлы, бағасы да қолжетімді. Көп күттірмей, аялдамаға уақытында келеді”, – дейді Роза Құлиева.
Әуликөлдің қарт тұрғыны Вера әжейдің көңілі бүгін жайлы, немересін мектептен күтіп алуға бұрынғыдай асығар емес. Автобустың келетін кестесін жаттап алған кейуана жоғарыдағыларға алғысын жаудырып жатыр.
“Автобустары керемет. Бұрын келмеске кеткен бұл уақыттың оралғанын осы жасқа жеткенде көрмей кетемін бе деп ойлаушы едім. Автобус алғашқы күні жетіп келіп, шығарда жүргізушінің: “Әжей, түбіртегіңіз қалып барады!”, – дегенін естіп қалай елжіремейсің. Рақмет, барлықтарыңа”, – деп бас изеді Вера Григоревна.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА