Ұлттық статистика бюросы былтырғы еңбек нарығының қорытындысын жариялады

Ұлттық статистика бюросы былтырғы еңбек нарығының қорытындысын жариялады

Келтірілген деректерге сүйенсек, 2023 жылғы IV тоқсанда Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 042,3 мың адам жұмыспен қамтылды.
Оның ішінде:
76,4% – жалдамалы қызметкер
23,6% – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 76,7 мың адамға өскен.

📝Жұмыспен қамтылған халық санының ең көп өсімі ақпарат және байланыс, кәсіби және ғылыми қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында байқалды.

15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% (379,37 мың адам) құрады.

Жаңалықтармен бөлісу