Бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын үнемдеу және балаларын жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған мемлекет тарапынан қолдау көрсету шарасы.
Жүйенің негізгі мақсаты – әртүрлі көздерден (ата-ана, сақтандыру компаниясы, мемлекет) түсетін қаражатты бірыңғай жинақтаушы жүйесіне жинақтау және әрбір бала жоғары оқу орнына түсу жасына қарай жоғары білім алуды қолжетімді ету.
«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ АЯСЫНДАҒЫ АҚШАНЫҢ ЖИНАҚТАЛУ КӨЗДЕРІ
- білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі ата-аналардың ерікті жинақтары;
- сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарымен есептелетін инвестициялық кірістер;
- бюджет қаражаты есебінен есептелген 5-7 % мөлшеріндегі мемлекеттік сыйлықақы;
- мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы (ББК) – 5 жасқа толған баланың, бірақ 6 жаста емес, пайдасына есептелген 60 АЕК (ал халықтың әлеуметтік осал топтары санаты үшін — 120 АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем, бұл ретте қолданыстағы білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты болған жағдайда ғана.
«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ «БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚОР»
«Келешек» жүйесі аясындағы жинақтармен қатар, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен жыл сайын 50% мөлшерінде Қазақстанның кәмелетке толмаған әрбір азаматына: «Балаларға арналған ұлттық қор» атты Мемлекет басшысының бастамасы аясында қаражат бөлінетін болады.
Кейіннен бала 18 жасқа толған кезде жинақ жүйесі сақтандыру компаниясынан жинақталған қаражатпен Ұлттық қорда жинақталған барлық жинақтарды біріктіріп, таңдаған ЖОО-ға оқу ақысын төлеуге мүмкіндік береді.
«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғаныстарының болуы. Қаражаттарды жинақтаушы ата-анамен күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда (1 немесе 2 топтағы мүгедектік, нәтижесінде еңбекке қабілеттілігін жоғалту немесе қайтыс болу) шарт бойынша сақтандыру жарналары тоқтатылады, бірақ сақтандыру мерзімінің соңында бала, кәмелеттік жасқа толғанға дейін қажетті жинақты алады.
бала 5 жасқа толған кезінде, бірақ 6 жаста емес, мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын алу (халықтың әлеуметтік осал топтары үшін — 120 АЕК).
Бала 18 жасқа толған кезде жинақталған соманы ұлғайту мақсатында білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша барлық қолда бар жинақтарды және Ұлттық қорда жинақталған барлық жинақтарды біріктіру мүмкіндіктері, бұл білім алуға жинақталған қаражаттың көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Салық жеңілдіктері. Үш және одан да көп жыл мерзімге жасалған Сақтандыру шарты бойынша ата-ана барлық төленген жарналар сомасының 10%-ы мөлшерінде салықтар төлеп (жылына 320 АЕК-ке дейін) үнемдей алады.
23% дейін жоғары кірістілік*
8% — сақтандыру компаниясынан кепілдендірілген табыс, 5-7% жылдық мемлекеттік сыйлықақы, 10% табыс салығы бойынша жеңілдік.
«КЕЛЕШЕК» БІРЫҢҒАЙ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
«Келешек» жүйесінің қатысушысы болу үшін ата-аналар «Халық-Life» АҚ-мен «Bilim-Life» білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасасуы қажет, бұл жерде ата-аналардың жинақтарынан басқа, мемлекеттен жыл сайынғы сыйақылар және сақтандыру ұйымынан кепілдендірілген инвестициялық кірістер, сондай-ақ мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы* есептелінетін болады.
Шарт жасасу үшін ата-ананың жеке басын куәландыратын құжатты және пайдасына шарт жасалатын баланың туу туралы куәлігін ұсыну қажет.
Мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы қолданыстағы білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты немесе сақтандыру ұйымымен шарт жасасқан жағдайда бес жасқа толған, бірақ алты жастағы емес балаларға бір рет қана есептеледі.