23 мая, 2025
Жол бойында зардап шеккен жүргізушілерге көмек көрсетілді

Жол бойында зардап шеккен жүргізушілерге көмек көрсетілді

Өңірдің автожолдарындағы көлік құралдарының иелері мен жолаушыларына көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.

Көршілес облыстардағы ауа райының нашарлауынан біздің өңірдің шекаралас аумағында 300-ге жуық автокөлік қаңтарылып қалды. Кейін келіп түскен ақпараттарға сәйкес олардың саны 14:00 — дегі жағдай бойынша 168 — ге азайған.

Денисов, Бейімбет Майлин ауданының және Лисаков қаласының жергілікті атқарушы органдары жүргізушілерін жан-жаққа орналастырып, тегін ыстық тамақ, ауыз су әкелуді ұйымдастырды.

Ешбір адам назардан тыс қалмайды.