Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2023 жылдың қорытындылары шығарылып, таяу болашақтағы негізгі басымдықтар белгіленді.
Президент өткен жылы ел экономикасының 5,1% өскенін атап өтіп, 2029 жылға қарай 450 миллиард долларлық экономикалық көрсеткішке жету мақсатын қойды. Негізгі назар бюджет және салық саясатының тиімділігін арттыруға, жаңа инвестициялық циклды бастау қажеттілігіне аударылды.
Президент мемлекеттік сатып алу реформасы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын айтты. Экономиканы цифрландыруды ілгерілету және азаматтарды әлеуметтік қолдауды арттыру – маңызды бағыт. Мемлекет басшысы Үкіметті белсенді жұмыс істеуге, бастама көтеруге, елдің тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін уақыттың сын-тегеуріндеріне жедел ден қоюға шақырды.
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Қостанай облысының әкімі