17 мая, 2025
Өңірде қызылша өршіп тұр

Өңірде қызылша өршіп тұр

Жыл басынан бері облыста 83 адамнан қызылша табылды. Қостанай қаласы антирекорд орнатып отыр – 186 адам осы дертті жұқтырған.
Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Әсіресе, 1-5 жас аралығындағы балдырғандар дерт жұқтырады. Ауру көбіне вакциналанбаған адамдар арасында тіркеледі. Бұл көрсеткіштің үлесі  87,3%-ға жетіп отыр. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 31 бала қызылшамен ауырды, оқушылар арасында 33 жағдай, студенттер арасында 54 жағдай тіркелген.

2023 жылдың сәуір айы мен 2024 жылдың 18 қаңтарына дейін 302 адам қызылша жұқтырған.