Өткен демалыс күндері Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы “Март” сауда үйінің маңынан адасып жүрген бүлдіршінді көрді. Аталған жәйт бойынша әскерилер жедел басқарма орталығы арқылы ата-анасын анықтап, қызды әкесіне тапсырды деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.
“Қостанай қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті күзету бойынша №942 бағдарда қызмет атқару барысында сағат 19:00 шамасында «ТРЦ» МАРТ алдында үлкендердің қарауынсыз қалған 4-5 жас шамасындағы қызды тауып алдық. Мән-жайды сұрап едік, ата-анасының қараусыз көлікте қалып, далаға шығып адасып кетіпті, полиция жедел басқармасына қыздың жоғалғаны жайлы ақпарат та келіп жеткен екен, бірден тұрған орнымызды айтқан едік, 15 минут аралығында әкесі келіп алып кетті”, – дейді әскери жасақ бастығы қатардағы Мұрат Күмісбеков.
Тез арада қыздарын тауып бергені үшін баланың ата-аналары әскерилерге өз алғысын білдірді.