Қостанайдың іргесіндегі Тобыл қаласының тұрғындары бүгінгі бораннан зардап шегіп жатыр. Ұйытқыған бораннан Водник, 5 мекенжайындағы бір үйдің шатыры ұшып кетті деп хабарлайды Қостанай ауданы әкімдігінен.
“Адам шығыны жоқ. Бірнеше көлік бүлінгені белгілі, қанша екені анықталып жатыр.
Барлық қала қызметтері бірінші мезеттен бастап осында. Қазір шатырды орнына қойып, құлаған жерлерін реттеу құрылыс материалдарын жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарық, су, газ өшіру деген болған жоқ. Барлық коммуникациялар әдеттегідей келіп тұр”, – Қостанай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Анар Қызыкенова.