Полицейлер екі адамды мұз астынан құтқарып қалды 

Полицейлер екі адамды мұз астынан құтқарып қалды 

Жітіқара ауданының екі жергілікті тұрғыны үйге баратын жолды Шортанды өзені арқылы төтесінен кесіп өтпекші болады. Мұздың қалыңдығы 31 жастағы жас жігіт пен 51 жастағы ер адамды көтере алмаған. Уақытында көмекке келген полицейлер – Нұрлан Шүкіманов пен Руслан Қожахметов тереңдігі 6 метр суға түсіп, жапа шеккендерді жоғарыға итеріп шығарды.

Қалған екі полиция қызметкері оларды алма кезек тростпен жағаға сүйреді.

 “Құтқарылғандарды жедел жәрдем алып кетті. Жағдайлары тұрақты. Әзірге дәрігерлердің бақылауында”, – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жаңалықтармен бөлісу