Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов елордадағы орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
«Осы жылдың тамыз айында «Қазақтелеком» АҚ-мен облыс орталығында 5G интернетін, Beeline компаниясымен ауылдарды 4G стандартының сапалы мобильді интернетімен қамтамасыз ету үшін мобильді байланысты дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды. Бүгінгі таңда 492 ауылдық елді мекеннің 331-інде сапалы байланыс бар. Байланыс операторымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 4G стандартының мобильді интернет деңгейі 2026 жылдың соңына қарай 100%-ға жететін болады», – деді өңір басшысы.