Өнеркәсіптік кооперация жобаларына қаржылық көмек көрсетудің жаңа тетігі іске асырылады

Өнеркәсіптік кооперация жобаларына қаржылық көмек көрсетудің жаңа тетігі іске асырылады

ҚР вице-премьері Серік Жұманғарин атап өткендей, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия және Еуразиялық экономикалық комиссия ынтымақтастық пен шешімдерді әзірлеудің тиімді алаңы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасында кооперациялық өзара іс-қимылды дамытуға және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін нығайту үшін көлік-логистикалық тізбек құруға сүйенеді.

– Тауарлардың Одақ елдерінің аумақтары арқылы біртекті қозғалысын қамтамасыз ету үшін навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалау жүйесі енгізіліп, транзитті қамтамасыз етудің бас сертификатын пайдалану көзделеді, үшінші елдерден импортталатын тауарларды қадағалау жүйесі іске асырылады, дайындықтың жоғары сатысында ЕАЭО транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасы тұр. Осы шаралардың барлығы транзитті жеделдету мәселелерін кешенді шешуге бағытталған, – деді Серік Жұманғарин өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында.

ҚР вице-премьерінің айтуы бойынша, ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру бойынша цифрлық жоба іске қосылған. Одақ елдері болашақта Еуропа мен Азия, жаһандық оңтүстік пен солтүстікті байланыстырушы буын болады. Қазақстан ЕАЭО серіктес мемлекеттерімен ынтымақтастықта интеграциялық бірлестіктің логистикалық хабына айналуға дайын.  Келер жылы Еуразиялық одақ аясында өнеркәсіптік кооперация жобаларға қаржылық көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру басталмақ.

Жаңалықтармен бөлісу