16 мая, 2025
«SPECIAL WAY» жобасы аясында кеңес беріледі

«SPECIAL WAY» жобасы аясында кеңес беріледі

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларында туындаған проблемаларға дер кезінде ден қою мақсатында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен заңды өкілдерге (қамқоршыларға) әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін ақпараттық-консультативтік орталық құрылды.

Жоба ұйымдастырушылары ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары және олармен жұмыс істейтін мамандар үшін офлайн/онлайн форматында ақпараттык-профилактикалық оқыту семинарларын ұйымдастырып, серіктестермен, мемлекеттік органдар және ҮЕҰ өкілдерімен, сарапшылар және басқа да мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстел, конференциялар өткізеді.

Қосымша ақпаратты Instagram: special.way.kz, Facebook: special.way.kz әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ  +7 700 707 8007, +7 747 847 1970 телефондары арқылы алуға болады.