Аманкелді ауданына қарасты Қабырға ауылы орталыққа алыстау (60км) орналасқан ауыл болса да, көз ұшынан қызу тіршіліктің табы көрінеді. Өйткені ауыл тұрғындары шаруасын ширатып, тірлігін тындырымды етіп, бірлігі мен берекесін сақтап отыр.
Жарқын жобалар қолға алынып, ауылдағы ағайынның әлеуметтік жағдайын түзеуге бағытталған шаралар жүргізіліп келе жатыр.
Бүгін ауылдағы тарихи оқиға куәгер болдық. Ауылға жас мамандар келіп, тіршілік қайнап жатыр екен. Ауылдағы Жұматай Сабыржанұлы атындағы білім ордасының 2002 жылғы түлектері ауылға кіреберіс стела орнатты. Толық ақпарат алдағы нөмірде.
Айбек ТАҢАТБАЕВ
Аманкелді ауданы