Халықаралық жекпе-жек турнирінің алғашқы жеңімпаздары анықталды

Халықаралық жекпе-жек турнирінің алғашқы жеңімпаздары анықталды

Спорт мерекесіне орай іс-шаралар легі жалғасуда. Бүгін Қостанайда GAMMA MMA федерациясының ұйымдастыруымен халықаралық турнир өтіп жатыр.

Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Алматы, Петропавл, Ақмола облысы, Астана, Қордай, ШҚО өкілдері мен біздің өңірімізден жиырма команда қатысуда. Жарыстың ашылуында федерация вице-президенті Руслан Сексембаев келген қонақтарға құрмет білдіріп, марапаттады.

Үш жүзден астам атлет жекпе-жектің екі бағыты бойынша шаршы алаңда бақ сынап жатыр.

Жарыс екі күнге жалғасады. Дәл қазір кезек 23, 25, 27 келідегі он жасқа дейінгі спортшылардың финалдық кезеңдері келді. Жарыстың кейбір жеңімпаздары анықталуда. Солардың бірі – “Барыс” клубының тәрбиеленушісі Арсен Газарян.

 

“Ол әлем чемпионы. Бүгінде “Барыс” клубында дайындалып жатыр. Арсен осы  жолы үш жекпе-жекте қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Астанадан келген бірінші қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты, қостанайлық қарсыласы біраз қиындық әкелді. Төреші қауым ұпай санымен жеңісті бізге берді. Астанадан келген үшінші қарсыласы да Арсенге уақытынан бұрын таза ұтылды”, – дейді бапкері Артур Газарян.

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу