“Иықтан шашы төгіліп жерге” фотобайқауының келесі қатысушысы – Әмина Базарбаева. Ол 14 жаста. Қостанай қаласындағы №15 орта мектептің 7 “А” сыныбында оқиды.
Әмина – біліммен қоса, спорт пен өнерді жанына серік еткен жас талап. Бүгінде КаратеКекушинкай жекпе-жегімен айналысады, 2КЮ (қоңыр) белбеуінің иегері. Сондай-ақ, Қостанай қаласындағы Балалар шығармашылығы мектебіндегі “Алтынай” халықтық үлгілі би ансамблінің белді бишісі. Көптеген халықаралық би байқауларының Гран При иегері атанған. Әминаға бұрымдылар байқауында сәттілік тілейміз!