Омбудсмен азаматтарды жеке қабылдады

Омбудсмен азаматтарды жеке қабылдады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы мен соттың әрекеттеріне және шешімдеріне келіспеу, сондай-ақ жер заңнамасының сақталмауы мәселелері бойынша өтініш білдірген азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында Омбудсмен ұсынылған материалдарды зерделеп, көтерілген мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді.
Азаматтарды қабылдау Уәкіл мен оның кеңсесінің қызметіндегі негізгі бағыттың біріболып қала береді. Омбудсменнің мандаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен соттың қызметіне араласпай, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесуді көздейді.
blank
Биыл жыл басынан бері Артур Ластаев 165 өтініш иесін жеке қабылдады.