«9-20-25» бағдарламасын іске қосу баспана нарығына қалай әсер етеді?

«9-20-25» бағдарламасын іске қосу баспана нарығына қалай әсер етеді?

Қазақстанның Риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко «9-20-25» бағдарламасын іске қосу баспана нарығына қалай әсер ететіндігіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Kazinform.

«Келесі жылы «9-20-25» қолжетімді ипотеканың шарттары жария етілмек. Үй алғысы келетін көптеген жан баспана сатып алу үшін жаңа қолжетімді тетіктерді күтіп отыр. Дегенмен ипотеканың бұл түрі азаматтардың барлық санатына қолжетімді болмауы ықтимал», – деді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Осы орайда ол баспана сатып алуды жоспарлап жүрген тұрғындарға кеңес берді.

«Бүкіл нарыққа қатысты нақты ұсыным жоқ. Әрбір жағдайдың тасасында нақты міндеті, ойы, өмірлік жоспарлары бар адамдар тұр. Сондықтан ұсыныс біреу ғана – өмір жалғаса береді. Демек, егер сіз баспананы сатпақ болсаңыз, сатыңыз, сатып алғыңыз келсе, өзіңізге қолайлы мүмкіндіктерді қарастырыңыз», – деді Нина Лукьяненко.

Жаңалықтармен бөлісу