Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде студенттерге Конституцияның негізгі ережелері, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері таныстырылды. Сондай-ақ, қылмыстың алдын алу және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Аталған тақырып бойынша жастарға үнемі заңды құрметтеп, жақсы жолмен жүру қажеттігі айтылды, ұстаздар қауымы тұшымды ойларын бөлісті.

«Абайдың «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидасы бүгінгі студент жастың тұлғалық қалыптасуында басты бағдар болуы тиіс. Ыстық қайрат – мақсатқа ұмтылыс пен еңбекқорлық, нұрлы ақыл – білім мен ғылымға деген ізденіс, жылы жүрек – адамгершілік пен ізгілік. Осы үш қасиет тоғысқанда ғана толыққанды азамат қалыптасады», – деді университет ректоры Талғат Есмахамбетұлы.

Тақырыпты танып білу тұрғысында өзге де спикерлер негізгі заң баптарын тілге тиек ете отырып, нақты мысалдармен, өмірлік тәжірибелерімен кең көлемде қамтып, жастарды заңды сыйлауға, құрметтеуге шақырды.
