8 облыста орман өртін сөндіру станциялары тапшы

8 облыста орман өртін сөндіру станциялары тапшы

Олардың қатарында Қостанай облысы да бар.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында орман өртін сөндіру станцияларын жаңартуға ақша бөлмей отырған облыстарды атады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

— Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ормандағы өрт сөндіру станцияларының жетіспеушілігі байқалады. Ал оның жартысы өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған. Облыстардың жергілікті бюджеттеріне эмиссия үшін төлемдер түскенімен олар жаңа орман өрт сөндіру станцияларын салуға бағытталмаған, — деді министр.

Оның айтуынша, орман инспекторларының тапшылығы күрделі мәселеге айналып үлгерген.

— Былтырдан бері орман күзеті жеке құрамының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып отыр. Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында орман күзетiнiң штат санын нормативке дейiн жеткiзу мәселесi шешiлмеген, — деді ведомство басшысы.

Жаңалықтармен бөлісу