70,7 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдады: Қазақстанда 1-сыныпқа оқушы қабылдау мерзімі аяқталды

70,7 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдады: Қазақстанда 1-сыныпқа оқушы қабылдау мерзімі аяқталды

Қазақстанда 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі соңына жетті. Құжаттарды қабылдауға төрт ай уақыт берілген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды”, – деп мәлім етті ведомство.

Министрлік мәліметінше, өтініш берішулердің 70,7 пайызы мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылған. Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3 пайыз), Павлодар (97,6 пайыз), Шығыс-Қазақстан (96,6 пайыз) облыстарында тіркелді.

Жаңалықтармен бөлісу